aspan

ЖОЛ АПАТЫ САЛДАРЫНАН 6 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.Полиция мәліметінше, 3 ақпанда «Кентау-Түркістан» тас жолының 5-ші шақырымында екі «Ауди» көлігі соқтығысқан.

 

 

 

 

 

 Апатқа газ баллонының жарылуы себеп болған. Оқиға Кентау-Түркістан тас жолының 7-ші шақырымында болды. Салдарынан алты адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді.
Полиция мәліметінше, көліктердің бірінде шетел азаматтары болған. Қаза тапқандардың арасында 17 жастағы үш жасөспірім мен 20 жастағы екі жігіт болған. Жүктіліктің 27 аптасында жүрген жолаушы да қайтыс болды.
Қалған жолаушылардың жеке басы анықталып жатыр.Полиция тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Түркістан облысының полиция департаменті баршаны жол қозғалысы ережелерін сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырды.Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы тас жолындағы қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қарағанды-Балқаш жолында 19 автокөлік соқтығысқан еді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚШ-ТЫҢ ШЫҒЫСЫНДА ТАСҚЫН ҚАУПІ КҮШЕЙДІ

Телеарна ХанТВ

ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ДАМЫТУ АЯСЫНДА  ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІМЕН 140 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, 11 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ