aspan

«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн м³. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр. Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым. Қашықтықтағы жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Осы демалыс күндері магнит дауылы болады деп болжанды

admin

ПОЛИЦИЯ 24 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ ЖАНДАРДЫҢ ҚАМҚОРШЫЛАРЫНА 18 ЖАСТАН АСҚАН СОҢ ДА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНУІ КЕРЕК

Телеарна ХанТВ