18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

НЕТАНЬЯХУҒА ҚАРСЫ ШЕРУ ПОЛИЦИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСҚА ҰЛАСТЫ

Израильде премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қарсы шыққандар полициямен қақтығысты. Жиылған жұрт еврей үкімет басшысы «қылмыскер» деген ұрандар тастады. Қарулы қақтығыс Израиль халқына қасіреттен басқа еш нәрсе әкелген жоқ.

Газа секторындағы әскери операцияны дереу тоқтатып, кепілдегі қалған 59 тұтқынды босатуды талап етті. Ал премьер-министр Биньямин Нетаньяху: «ХАМАС-тан жеңілмеймін» деп мәлімдеме жасады. Шеру Израильдің Мазор қаласында жүрді.  Мұнда еврей үкімет басшысы сапармен баруы тиіс болатын. Айта кетейік, Израиль наурыз айының басында екі айлық бітімнен кейін Газа секторында әскери операциясын қайта жалғастырды. Содан бері 1 мыңнан аса палестиналық қаза болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ МАҢЫНА БІР ТОННА СОЙЫЛҒАН МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТАСТАҒАН ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

admin

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТІРКЕЛГЕН

Телеарна ХанТВ