aspan

ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Шымқалада дәстүрлі жүгіру марафоны өтті. Желаяқтар жарысына түрлі жастағы 6 мыңға тарта адам қатысты. Олардың сапында көршілес елден келген спортшылар да бар. Қатысушылар қала көшелерін бойлай 5, 10 және 21 шақырым жерді жүгіріп өтті.

Таңның атысымен жарысқа жиналған желаяқтардың қарасы қалың. Ішінде жасы да, жасамысы да жүр. Спортты серік еткен әуесқойлар мен кәсібилер де бар. Жарысты алдымен 5 шақырымға жүгірген желаяқтар бастап берді. Олар шаһардың Д. Қонаев және Бәйдібек би көшелерін бойлай жүгіріп, «Наурыз» алаңындағы мәреге сүрінбей жетті.

Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетті. Ал марафон барысын көруге 109 мемлекеттен қонақтар келді. Аталған шараның қоғамда жүгіру мәдениетін қалыптастырып, ұлт саулығын нығайтуда маңызы зор.

Ұзын шақырымды еркін еңсерген спортшыларға арнайы сыйақы табысталды. Марафон салауатты өмір салтын сақтауға үлкен үлесін қосады дейді ұйымдастырушылар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН ІІМ ТУРИСТЕР ҮШІН ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗЕДІ: ӘРБІР ШЕТЕЛДІК ҚОНАҚҚА QR-КОДЫ БАР КАРТОЧКА БЕРІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

31 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН МОПЕДІН ТІРКЕДІ

Телеарна ХанТВ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСТЫ 50-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ