aspan

ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗ ЖАҒАЛАУЫНДА 45 АДАМ МІНГЕН ТУРИСТІК ЯХТА АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Мысырда туристік яхта апатқа ұшырады. Қызыл теңіз жағалауында 45 адам мінген туристік яхта апатқа ұшырады. Бортта 14 экипаж мүшесі мен 31 турист болған. Яхтада қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз. Жедел топ Sea Story яхтасынан 28 адамды құтқарып үлгерді. Биліктің мәліметінше, 17 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Амр Ханафи мәлімдеді.

«Қазір Марса Алам қаласының оңтүстігінде апатқа ұшыраған Sea Story туристік яхтасымен болған оқиғадан кейін 28 адам сәтті құтқарылды», – деп хабарлайды басылым. Губернатор аман қалғандарға барлық қажет көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол құтқару топтарына зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істеуге бұйрық берілгенін атап өтті. Яхта 24 қарашада жолға шығып, Хургадаға 29 қарашада қонуы тиіс еді. Апаттың себептері әлі анықталып жатыр.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025

Телеарна ХанТВ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ  

Телеарна ХанТВ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Редактор HAN TV