aspan

6,9 БАЛДЫҚ ЖОЙҚЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛДЫ

Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,9 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі Осака қаласын қоса алғанда кең аумақта сезілген.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері Кюсю аралының бүкіл аумағында бес баллға дейін, ал Сикоку аралында және Хонсю аралында Хиросима қаласынан Осакаға дейінгі үлкен аумақта үш баллға дейін сезілгені хабарланды.  Жер сілкінісінен кейін Жапония билігі цунами қаупін жариялады. Кюсюдің шығыс жағалауы мен Сикокудың оңтүстік жағалауының тұрғындарына биіктігі бір метрге жететін цунами қаупі ескертілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды.

Телеарна ХанТВ

КАУСАР КӨШЕСІ – УӘДЕ БАР, ЖОЛ ЖОҚ

Телеарна ХанТВ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Телеарна ХанТВ