aspan

ҚЫМБАТ АВТОКӨЛІКТЕРДІ АЛАЯҚТЫҚПЕН ИЕМДЕНГЕН КҮДІКТІ АНЫҚТАЛДЫ

Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысының алдап және сенімді теріс пайдалану арқылы 8 бірлік Toyota Camry маркалы автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Тергеу барысында осы қылмысқа Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды.

Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry маркалы 5 көлік табылып, тәркіленді.2025 жылғы 10 ақпанда қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ҚАШАН ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ЕСЕПТЕГІ АЗАМАТ МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ