aspan

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында ел спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда спортшыларымыз 17 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Ел қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде бар.
Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 6 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Юрий Юрков (50 м, винтовкамен жатып ату), Елизавета Безрукова (10 м, пневматикалық винтовка микст), Никита Шахторин (10 м, пневматикалық винтовка), Рамазан Ынтықбай (10 м, тапанша) және жасөспірімдер арасында Олег Носков (10 м, пневматикалық винтовка) жеңімпаз атанды.
Ирина Юнусметова, Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова (жасөспірімдер құрамасы), Олег Носков (жасөспірімдер) сынды жерлестеріміз екінші орыннан көрінді.
Биылғы Азия Кубогында 23 елден 320-дан астам спортшы бақ сынап жатыр. Турнир 22 ақпанда аяқталады. Еліміздің спортшылары жарысты сәтті жалғастырып, жеңісті еселеуді көздеп отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Телеарна ХанТВ

САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Телеарна ХанТВ