aspan

ТОҚАЕВТЫҢ СЫР ЕЛІНЕ САПАРЫ 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыр еліне сапары өңірде атқарылып жатқан шаруаны көрсетті. Президент Қызылорданың әуежайынан бастап, кәсіпорындар, өнер орталықтары, спорт алаңдарын түгел аралап шықты. Жергілікті тұрғындармен де кездесіп, өңірдің даму барысына көңіл толып қайтқан сияқты. Ол жайында толығырақ тілші тарқатады.

Қызылорда облысында бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары барысында жаңа әуежай терминалын, өнер және спорт орталықтарын аралап, аймақ тұрғындарымен кездесті. Президент алдымен жаңартылған «Қорқыт ата» әуежайының жұмысымен танысты. Әуежай жылына 500 мың жолаушы өткізе алады.Бұлкөлік инфрақұрылымын нығайтып, туризм мен инвестиция тартуға жол ашады. Президент сондай-ақ «Қызылорда-нан» нан және кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа зауыттыдааралап көрді.  5,6 миллиард теңге инвестиция салынған жоба толық автоматтандырылған. Өнімнің басым бөлігі жергілікті нарыққа жеткізіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа жылу электр стансасында болды. Бұл жоба өңірдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тоқаев сыр елінің жұртшылығымен кездесіп, өңірдің даму қарқынын жоғары бағалады. Қызылорда аймағында сумен қамту мәселесі де біржақты шешіле бастаған. Президент судың да сұрауы бар екенін еске салды.

 

Президенттің айтуынша, Қызылорда облысы әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағыттарда жаңа деңгейге көтеріліп келеді.ШУМ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордадағы өнер орталығы, мұражайға да бас сұқты.Президентке соңғы үш жылда өңірде 18 мәдениет нысаны пайдалануға берілгені баяндалды. Олардың қатарында «Руханият» орталықтары, музыкалық колледж және жаңа музей бар.

Тоқаев биыл ғана ашылған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының жұмысымен танысты.Мұнда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Кешенде бассейн, спорт залдары, зертханалар мен студиялар бар. 11 мың орындық футбол стадионын және жаңа үстел теннисі орталығын да аралап көрді.Кешен құрылысына облыс бюджетінен 2,5 миллиард теңге, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» қоры тарапынан 900 миллион теңге бөлінген. Қазір мұнда 280 бала тұрақты түрде спортпен шұғылданады. шум

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫН ӨЗ ҮЙІНДЕ ФИТОЗЕРТХАНА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

НӨСЕР ЖАУЫН МЕН СУ ТАСҚЫНЫНАН ЖИЫРМА ШАҚТЫ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ