aspan

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ АТШАБАР  ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда әлеуметтік, туристік, мәдени және спорт нысандары көбейіп келеді. Солардың арасында халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы да қарқынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров нысанға кезекті рет барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшысы мен мердігерге бірқатар сын-ескертпе айтты.

Құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобадан ауытқымауы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырамын. Айтылған кемшіліктер назарға алынып, құрылыс уақтылы әрі сапалы аяқталуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров. Ипподромның құрылысын «ВД Строй-инжинеринг» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері жүргізілуде.  1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 қысқы қора, 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір құрал-жабдықтары орнатылуда. Атшабарда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Муфтулла Қонақбаев «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі инфрақұрылым, құқықтық және әлеуметтік салаға қатысты түйткілдерін жеткізді. С.Тасқараев есімді азамат мемлекеттік грант ала алмай жүргенін айтып, шағымданды. Оның айтуынша, кәсіп бастайтындарға берілетін мемлекеттік қолдауға қол жеткізуге бірнеше айдан бері тырысып жүр. «Мен өзімнің жобама қолдау таппай келемін. Мемлекеттік грантты тек танысы барлар ғана алып жатқанын естуші едім, енді өзім осы мәселеге кезігіп отырмын», – деді ол. Мәселенің мән-жайын тыңдаған депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына тікелей телефон шалып, түсініктеме беруін сұрады. Басқарма басшысы бұл іс арнайы комиссия қарауында екенін, оған ешкімнің тікелей араласа алмайтынын жеткізді. Муфтулла Қонақбаев азаматқа: «Өзіңіз көріп отырғандай, басқарма басшысымен сөйлестім. Енді жобаңызды алып, аталған мекемеге барсаңыз, сіздің өтінішіңізді қайта қарайды. Егер берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз, депутаттық сауал жолдап, бақылауыма аламын. Бірақ барлық мәселе тек заң аясында шешілетінін түсінуіміз керек», – деді. Қабылдау барысында «Рахима Бегім» балабақшасында жұмыс істеп, еңбекақысы мен еңбек демалысына төленетін қаржысын ала алмай жүрген бірнеше қызметкердің мәселесі де көтерілді. Депутат тиісті мекемелерге хабарласып, әр шағымды жеке зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, әлеуметтік көмек алу мәселесі секілді басқа да өтініштер қабылданып, депутат жауапты әкімдікке хабарласып, түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. «AMANAT» партиясы азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да жалғастырады. #qazaqstan, #weqazaqstan, #бізqazaqstan

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Телеарна ХанТВ