25.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖАҢА ГҮЛЗАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Мегаполисте 3 гүлзар пайдалануға берілді. Жаңа демалыс аймағының бірі Әл-Фараби ауданында Есіл көшесінің бойында орналасқан. Ашылуына Ғ.Әбдімажитұлы арнайы келіп тұрғандардың қуанышымен бөлісті.Мұнда балалар ойын алаңшасы, жайлы орындықтар және жаяу жүргіншілерге арналған жолдар орнатылған. Жаңа демалыс орны қала көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы әрі қолайлы орта қалыптастырды.

Жаңа демалыс орны ерекше дизайнымен назар аудартады. Гүлзарда орындықтар, қоқыс жәшіктері, арнайы ағаштан әткеншектер мен стилді жарықшамдар,баскетбол және тенис ойын алаңшалары орнатылған. Бұрын бұл жер үлкен, саябақ болған. “Тіпті жарық шамдар да жоқ еді, балаларымызды ойнауға жіберуге қорқатынбыз,” – дейді тұрғындар. Бүгінде бұл аймақ көркейіп, отбасы мен достар үшін сүйікті демалыс орнына айналуда.

 Өткен жылы ауданда бір гүлзар пайдалануға берілсе,биыл жыл соңына дейін 4 гүлзар пайдалануға беріледі деп жоспарланған.Ел игілігіне берілген нысанға жалпы 50 млн тг қаржы жұмсалған.

Өз кезегінде қала тұрғындары да шаһар басшысына ризашылығын айтты. Осындай жаңа гүлзарлар көптеп ашылғалы жастардың, тұрғындардың да көңілі шаттанып, айналаны таза ұстауға деген ынтасы артуда.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ҚАЛАЙ КӨБЕЙТЕСІЗДЕР?

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИЛЕР НЕЦАРИМ ДӘЛІЗІНЕН ШЫҚТЫ: ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАР ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘУЕЖАЙДА ҚЫЗМЕТКЕРДІ КЕПІЛГЕ АЛҒАН ЕР АДАМ КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

Телеарна ХанТВ