Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТАЗАРТУ КҮНІ: САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАРҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫ

Санитарлық шаралар Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында «Тазару» күніне орай ұйымдастырылды. Бүгін қала тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер аудандарда күшейтілген тәртіпте жұмыс жүргізуде. Жалпы, осы бағыттағы жұмыстарға 3 мыңға жуық қызметкер қатысып, 100-ге жуық техника тартылды.
Тазалық жұмыстары Қаратау ауданында тіпті, түн мезгілінде басталды. Мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған аумақтар қоқыстан тазартылып, жұмыстар Бәйдібек би,
Тауке хан даңғылдарында, Түркістан, Арғынбеков, Сайрам көшелерінде жалғасты. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, аялдамаларда, ирригациялық жүйелерде тазалық шаралары атқарылып, қураған жасыл желектер ретке келтірілді.
Aspan.info Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайд

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Абай ауданындағы тас жолды тасқын су басты

admin

КЕНТАУДА ЖАҢА ГАЗ ТУРБИНАЛЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

admin

Макрон Украинаны «өте тез» жеңу қаупі туралы мәлімдеді — БАҚ

admin