aspan

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНДЫ ТОҚТАТТЫ

 ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНДЫ ТОҚТАТТЫ

 Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылында үйдің ауласынан өрт шықты. Сол сәтте ауыл ішінде рейд жүргізіп жүрген полиция қызметкерлері алыстан түтінді байқап, бірден оқиға орнына барған. Олар шұғыл әрекет етіп, жалынды ауыздықтауға кірісті.

 Арнайы өрт сөндіру техникасы болмағанымен, тәртіп сақшылары өз күштерімен қауіпті тоқтатуға тырысты. Алдын ала болжам бойынша аптап ыстықтың салдарынан аулада үйілген шөп өздігінен тұтанып, от ағаш қоршауға тараған. Оқиға кезінде үйде зейнеткер жалғыз болған. Ол жалынды ауыздықтаған тәртіп сақшыларына алғыс айтты. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА  ҚАРСЫ  ЕНГЗІЛГЕН ЗАҢНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР 78%-ҒА АЗАЙҒАН

admin

ПЛИЦИЯ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖОЛДЫҢ ЖАБЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МҰҚИЯТ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Телеарна ХанТВ