28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНДЫ ТОҚТАТТЫ

 ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНДЫ ТОҚТАТТЫ

 Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылында үйдің ауласынан өрт шықты. Сол сәтте ауыл ішінде рейд жүргізіп жүрген полиция қызметкерлері алыстан түтінді байқап, бірден оқиға орнына барған. Олар шұғыл әрекет етіп, жалынды ауыздықтауға кірісті.

 Арнайы өрт сөндіру техникасы болмағанымен, тәртіп сақшылары өз күштерімен қауіпті тоқтатуға тырысты. Алдын ала болжам бойынша аптап ыстықтың салдарынан аулада үйілген шөп өздігінен тұтанып, от ағаш қоршауға тараған. Оқиға кезінде үйде зейнеткер жалғыз болған. Ол жалынды ауыздықтаған тәртіп сақшыларына алғыс айтты. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАЛАРЫН ЖОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ БИІ МЕН ДӘСТҮРЛІ ӘНІ ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА ТОҒЫСТЫ

Телеарна ХанТВ