aspan

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҒДАРЛАМАСЫН  ІСКЕ АСЫРУҒА БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТТІК ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

 

2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген.Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілді.Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды. Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Телеарна ХанТВ

ЕРЛІКТІҢ НЫШАНЫНА АЙНАЛҒАН ЕСІМ: Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЙРЫҚША БАСЫЛЫМ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Телеарна ХанТВ