aspan

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бразилияда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бәрінен де туристер арасында аса танымал — Ангра-дус-Рейс қаласы қатты зардап шеккен.

Мұнда бір күннің ішінде жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсті. Бірнеше сағатта ондаған тұрғын үй мен басқа ғимараттар су астына кетті. 300-ден астам отбасы баспанасыз қалған. Тасқынның тез жүргені соншалықты, адамдар құнды заттары мен мүліктерін алып үлгірмеген. Үйсіз қалған тұрғындар әзірге уақытша тұру орталықтарына орналастырылды. Аймақта барлығы осындай 36 мекеме ашылған. Құрбандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

Телеарна ХанТВ

ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫНЫҢ КІЛТІ КІМНІҢ ҚОЛЫНДА?

Телеарна ХанТВ

ҚАЙТАЛАМА ТҮЗЕТУЛЕРДЕН БАС ТАРТЫП, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҮНЕМДЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

Телеарна ХанТВ