aspan

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бразилияда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бәрінен де туристер арасында аса танымал — Ангра-дус-Рейс қаласы қатты зардап шеккен.

Мұнда бір күннің ішінде жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсті. Бірнеше сағатта ондаған тұрғын үй мен басқа ғимараттар су астына кетті. 300-ден астам отбасы баспанасыз қалған. Тасқынның тез жүргені соншалықты, адамдар құнды заттары мен мүліктерін алып үлгірмеген. Үйсіз қалған тұрғындар әзірге уақытша тұру орталықтарына орналастырылды. Аймақта барлығы осындай 36 мекеме ашылған. Құрбандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НӨСЕР ЖАУЫН МЕН СУ ТАСҚЫНЫНАН ЖИЫРМА ШАҚТЫ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

33 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«ӨМІР СЫЙЛА, ДОНОР БОЛ!»

Телеарна ХанТВ