29.3 C
Shymkent
27 мая, 2026
Қоғам қылмыс

Сот ғимаратындағы жанжал сот үкімімен аяқталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауынша, 2025 жылғы 26 тамызда шамамен сағат 14:30-да сотталушы таныстарымен бірге сот отырысына қатысу мақсатында Тыныбаев көшесі, 42 мекенжайында орналасқан сот ғимаратына келген. Сот приставы оларды сот залына кіргізу мүмкін еместігін түсіндірген. Соған қарамастан, топтағы бір адам мүгедектігі бар азаматтарға арналған кіреберісті ашып, нәтижесінде олар сот ғимаратына заңсыз кірген.

Қызметтік міндетін атқарып жүрген сот приставы олардың әрекетін тоқтатуға тырысқан. Алайда олар оның заңды талаптарына бағынбай, соққы жасап, кейін ғимараттан сыртқа шығарып, дене жарақатын келтірген. Сот материалдарына сәйкес, сотталушы да жәбірленушіге бет тұсынан жұдырықпен соққы жасаған.

Мемлекеттік айыптаушы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші бұл ұстанымды қолдады. Сотталушы мен қорғаушылары ақтау үкімін сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде кінәні мойындамауын және бұрын сотталғанын ескерді. Нәтижесінде, сотталушы Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Испания мен Италияда батыс әскерлерін Украинаға жіберу туралы мәлімдеме жасалды

admin

Вейптің салдары. Астанада тыныс алу органдарының 450 мың ауруы тіркелді

admin

Түркістан облысында ер адам дәрігерді пышақтап тастады

admin