16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Бизнес Қоғам Шымкент

Шымкентте жер учаскелерін ауқымды түгендеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында жер учаскелеріне кезең-кезеңімен тексеру және мәліметтерді нақтылау жұмыстары басталды.

Тиісті тапсырма қала әкімі тарапынан берілді. Негізгі мақсат – кадастрлық деректерді жаңарту және жер қатынастары саласында тәртіпті қамтамасыз ету.

Іс-шараларға жер қатынастары басқармасының қызметкерлері және Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының мамандары тартылған. Олар аумақтарды зерделеп, жер учаскелері бойынша мәліметтерді салыстырып, құқық белгілейтін құжаттарды нақтылауда.

Сонымен қатар, тексеру барысында кейбір тұрғындардың кадастр мамандарының жұмысына кедергі келтіру жағдайлары тіркелген. Мұндай әрекеттер түгендеу процесінің уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне кері әсерін тигізеді.

Қала билігі тұрғындарды атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауға және мамандардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірмеуге шақырады. Кадастрлық деректердің нақтылығы жер қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қаланың одан әрі дамуын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНҒАН ЖУАНТӨБЕДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Han TV

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу: Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

admin