22.3 C
Shymkent
28 сентября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Бизнес Жаңалықтар Саясат Саясат Шымкент Экономика

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

Шымкент қаласында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында өткізетін Бірыңғай есеп беру күні өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығына сәйкес жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісінде өткізіледі.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысқан жиынның негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы міндетті талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату.

Кездесу барысында бақылау-қадағалау қызметінің нәтижелері, тексеру кезінде анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бақылау-қадағалау органдарының өкілдері және бизнес-қоғамдастық қатысып, өз салалары бойынша баяндама жасады.

Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің ұсыныстары мен өзекті мәселелерін талқылауға, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Синоптиктер екі қазақстандық қала тұрғындарына ескерту жасады

admin

Ұшақ құрастыру кезіндегі ақаулар туралы хабарлаған бұрынғы Boeing инженері өлі табылды

admin

Алматы облысында «резеңке» пәтерлер табылды

admin