22.3 C
Shymkent
28 сентября, 2026
Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Бизнес Жаңалықтар Редактор таңдауы Саясат Саясат Шымкент Экономика

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ МЕН ШТАБТАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Нашақорлыққа қарсы штабтың бірлескен кезекті отырысы өткізілді.

Жиынға жергілікті өкілді органдар, құқық қорғау және арнаулы органдар, әскери басқару органдарының басшылары, сондай-ақ, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

Бірлескен отырыстың күн тәртібінде қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың нәтижелері, жолдағы қауіпсіздік және есірткі қылмысымен күресу шаралары талқыланды.

Қаладағы криминогендік ахуал мен есірткі қылмысына қарсы шаралар бойынша Полиция департаментінің басшылығы баяндама жасап, Шымкентте қылмыс бойынша бірқатар көрсеткіштің төмендегенін баяндады.

Қала әкімі криминогендік ахуалдың өзекті мәселелеріне тоқталып, оларды бірлесіп шешу жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Соның ішінде көлік жүргізу тәртібі мен жүргізу мәдениетінің деңгейін арттыру бағытындағы жұмыс тек полиция органдарының біржақты рейдтік шараларымен шектелмеуі тиістігіне тоқталып, тиісті ақпараттық-профилактикалық жұмысты ведомствоаралық сипатта жүзеге асыруды, осы бастаманы жан-жақты пысықтап, орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, жастар саясаты, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, ішкі саясат және білім беру бағытында өткізілетін есірткіге қарсы жобалар туралы ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Жалпы, отырыс қорытындысы бойынша барлық ұсыныс назарға алынып, оларды ведомствоаралық сипатта іске асыру мәселесінде бірыңғай ұсынымдар дайындалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан Қылмыстық кодекстен екі бапты алып тастауды ұсынып отыр

admin

КӨЛІК САЛЫҒЫН 1 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ

admin

Шымкентте АФМ қызметкерлері қамауға алды

admin