aspan

«SHYMKENT IT HUB» МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының ұйымдастырумен жастар ресурстық орталығында Цифрлық технологиялар саласында тәжірибе және идеялармен алмасу алаңын қалыптастыру үшін  «Shymkent IT HUB мүмкіндіктер алаңы» атты форум өтті.

Шараның мақсаты Шымкентте жаңа технологиялық жобалардың дамуын ынталандыру сандық шешімдердің сәтті мысалдарын көрсете отырып,қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру.Сандық трансформация бойынша сарапшылар мен энтузиастар қауымдастығын құру болып табылады.

Форумға Шымкент қаласының бірқатар жоғары оқу орындарының  IT мамандығында оқып жатқан студенттер қатысты.Өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында осы салада жетістікке жеткен компания басшылары және робототехника жаттықтырушылары цифрлық баяндамаларын жасады.

Форум соңында Hub IT технологиялар паркінің менеджері Тимур Қозыкеев  іс-тәжірибеден өткендер  үшін жеке шақырулар және барлық ниет білдірушілер үшін ашық тіркеу болатынын мәлімдеді.Шымкент қаласына биыл осы сала бойынша мемлекеттен 123 грант бөлінген.  6 айлық курсты тегін оқуға мүмкіндіктерде беріп отыр. Барлық IT саласына қызығатын жастарды өз командамызда күтеміз.-деді салаға жауаптылар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте сегіз мемлекеттің құтқару қызметтері басшылары халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Han TV

АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

АБАЙ ІЛІМІ: ТОЛЫҚ АДАМ НЕГІЗІНДЕГІ БҮГІНГІ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ

Телеарна ХанТВ