Шымкент

Шымкент дүкендерінде алаяқтық жасаған гастролер әйелдер ұсталды

Шымкент қаласында полицейлер сауда орындарында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйелді ұстады.

Тергеу деректеріне сәйкес, олар шағын азық-түлік дүкендеріне кіріп, «қайтарым ақшаның айласын» қолданған. Яғни сатушыға ірі купюраны бергендей болып көрсетіп, сол сәтте әңгімеге тартып, асықтырып, назарын басқаға бұрған. Осыны пайдаланып, қайтарым ақшаны алып кеткен. Нақтысында, төлем мүлдем жасалмаған.
Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі еліміздің басқа өңірінен, екіншісі шетелден келген. Қазір олардың кемінде төрт ұқсас дерекке қатысы бары анықталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полицейлер олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Тәртіп сақшылары азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін барынша мұқият болуға, асығыстық пен назарды басқаға аудартатын әрекеттерге алданбауға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: бес адамның өліміне себеп болған автобустың жүргізушісіне сот үкімі шықты

admin

Шымкенттің экс-замәкімінің сотталушы сот залында жылап жіберді

admin

Сирены звучат — готовы ли шымкентцы к реальной тревоге?

Редактор HAN TV