aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ASIA MILK» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 1400 ТОННАҒА ЖУЫҚ СҮТ ӨНДІРЕДІ

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданының Зертас ауылдық округінде орналасқан «ASIA MILK» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Өңір басшысы облыс экономикасы үшін маңызды жобаларға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін айтып, өндіріс көлемін ұлғайтып, сапалы отандық өнім шығару және оны экспортқа жөнелту негізгі міндет екенін жеткізді.
«ASIA MILK» шаруа қожалығы тарапынан Зертас ауылдық округінің аумағында жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайтын сүт-тауарлы фермасының құрылысы жүргізіліп, жоба аясында 40 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда шаруашылық сүт бағытындағы голштейн-фриз тұқымды 660 бас ірі қара мал сатып алып, өндірістік қызметін жүзеге асыруда.
Фермада жылына 1300-1350 тонна сүт өндіріледі. Кәсіпорынның алғашқы кезеңі 2026 жылдың қараша айында пайдалануға беріліп, онда 660 бас ірі қара мал болған. Ал екінші кезең аясында жыл соңына дейін сиыр басын 1 000 басқа жеткізу жоспарланып отыр.
Өндірілген сүтті бастапқы кезеңде Көксәйек елді мекенінде орналасқан, айран, қаймақ, йогурт және өзге де сүт өнімдерін өндіретін «FoodMaster» ЖШС-не өткізуде. Шаруашылық өнімі әзірге толықтай ішкі нарыққа бағытталған. Аталған жоба ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық сүт өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ЕРІКТІЛЕР 120 ЕСІРТКІ ГРАФФИТИІН ЖОЙДЫ  

Телеарна ХанТВ

САУРАНДАҒЫ СУДЫҢ СИҚЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

Han TV