aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Мемлекет басшысы шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, Леңгір қаласындағы «Достық-2» су ұңғымасының қазіргі жай-күйімен және атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында
«Достық-2» су ұңғымасын тазарту және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жобаны «STROY SYSTEM INC» ЖШС жүзеге асырып, жұмыстар 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталған. Жобаның жалпы құны – 196,6 млн теңге.
Бүгінде Леңгір қаласында 33 848 тұрғын тұрады. 8 280 абонент ауыз сумен қамтылған. Тәуліктік су тұтыну көлемі 8 962 текше метрді құраса, су жүйесіне шамамен 12 мың текше метр су беріледі.
Қаладағы магистральдық су желілерінің ұзындығы – 35,2 шақырым, ішкі желілер – 144 шақырым. Үш негізгі резервуардың жалпы жобалық сыйымдылығы 14 мың текше метрді құрайды.
Аталған жобаға 124 млн 611 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, оның ішінде 32 млн 625 мың теңге аудан бюджеті есебінен, облыстық бюджеттен 91 млн 986 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты халықты үздіксіз ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

admin

Алматының бір ауданының тұрғындары газсыз және жылусыз қалды

admin

СУ ТАСҚЫНЫ БҮКІЛ АУЫЛДЫ ШАЙЫП КЕТКЕН

Телеарна ХанТВ