aspan

ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Hub инновациялық экожүйесіне барды. Президентке Nur Alem сферасында орналасатын AIem.ai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Орталық жанынан Tomorrow School және Tumo Education мектептері ашылады.

Мұнда жыл сайын мыңнан астам оқушыға бағдарламалау машықтарын, роботты техниканы және басқа да креативті технологияларды үйрету, сондай-ақ жоғары білікті 1000 маман даярлау жоспарланып отыр. AIem.ai халықаралық орталығы стартаптар акселерациясы және зерттеу жобаларын қолдауға арналған кампус ретінде қызмет көрсетеді. Президентке инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысып жатқан, келешегі зор отандық стартап жобалар мен компаниялар туралы ақпарат берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ КӨЛІК ҰРЫСЫН 30 МИНУТТА ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

admin

ҚМА ЗАҢСЫЗ  ВЕЙПТЕРДІ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕЛЕРІН САТҚАН ТОПТЫ ҚҰРЫҚТАДЫ

Редактор HAN TV