aspan

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖЕТІСАЙДА БІР КҮНДЕ 2 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жетісай ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Серік Мамытов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары, жергілікті тұрғындар аудан аумағына 2 мың түп көшет отырғызды.
Экологиялық іс-шара барысында тек ағаш отырғызумен шектелмей, аудан аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары да қатар жүргізілді. Атап айтқанда, ағаштардың түптері әктеліп, скверлер мен саябақтардың, гүлзарлардың қоршаулары сырланды. Сонымен қатар жиналған тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, қоғамдық орындардың тазалығы ретке келтірілді.
Жетісай ауданында көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табуда. Тиісті сала басшыларының мәліметінше, өткен жылдың көктемгі және күзгі маусымдарында аудан аумағына барлығы 52 600 түп көшет егілген. Ал биыл тағы 47 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Оның 14 мыңы көктем мезгілінде егілсе, қалған 33 мыңы күзгі маусымда отырғызылмақ.
Көшеттердің жерсініп, жайқалып өсуіне де ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде ағаш отырғызылған аумақтар толық қоршалып, ағын сумен суару жүйесі қамтамасыз етілген. Бұл – егілген әрбір көшеттің күтімін жасап, жасыл желектің ұзақ жылдар бойы жайқалып тұруына бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «БІЗ ӨРКЕНДЕГЕН ЕЛ ҮШІН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖӘНЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК

Телеарна ХанТВ

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ