aspan

ПРЕЗИДЕНТ ҚАТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘМІРІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар Мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТА-АНАЛАР ҰЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

ПЛИЦИЯ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖОЛДЫҢ ЖАБЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МҰҚИЯТ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚЫТАЙЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС АЛЫБЫ ТУРИСТІК ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА НИЕТТІ

Редактор HAN TV