aspan

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ДУШАНБЕГЕ МЕМЛЕКЕТТІК САПАР­МЕН БАРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясындағы шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында екі ел басшылары стратегиялық серік­тестік пен экономикалық байланыстарды нығайтатын бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.
НОЛ: Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Ресми іс-шара кезінде Мемлекет басшы¬сының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тә¬жік¬станның көпжақты серіктестігінің бе-рік негізі саналатын жоғары деңгейдегі тұ¬рақ¬ты кездесулерге баса мән беретінін айтты. Өз кезегінде Эмомали Рахмон екі­жақты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Көктем–2025» РКШОЖ: Шымкент қаласында практикалық шаралар өткізілді

Телеарна ХанТВ

ШАБУЫЛДАУ БАТАЛЬОНЫНЫҢ МЕРЗІМДІ ҚЫЗМЕТ САРБАЗДАРЫ ШАРТТЫ ҚАРСЫЛАСТЫҢ КӨЗІН ЖОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ