aspan

ПОЛИЦИЯ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІҢ ТАРАЛУЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙДЫ

Павлодарда полиция синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қойды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында есірткі заттарын тарату бойынша интернет-дүкенде жұмыс істеген жастар ұсталды. Күдіктілер қаптамаларды көтерме бағамен тұтынушыларға кішігірім етіп орап, содан кейін оларды қала аумағына таратқан.

Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер құрамында 277 грамнан астам “синтетика” психотроптық заттары бар сатуға дайын жиынтықтардың ірі партиясын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша полицейлер электронды таразы мен орау материалын тапты. Қылмыстың басқа да қатысушылары анықталуда. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауда.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІБИ БІЛІМ АЛҒАН ТҰРҒЫНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

ҰҚК ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕР ҚОРЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫН ҰСТАДЫ

Максим Сейтенов