aspan

ПОЛИЦИЯ БҰРЫН БІРНЕШЕ РЕТ СОТТАЛҒАН ДЕСТРУКТИВТІ-ДІНИ АҒЫМ ЖАҚТАУШЫСЫН ҰСТАДЫ

Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов мәлімдеді.

Полиция полковнигі Қ.Сахов: «Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті-діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар орналастырған.

Біздің жедел уәкілдер ІІО-да есебінде тұратын күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» — деп хабарлады.

Қазіргі уақытта күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ГОБЕЛЕН ЕРЕКШЕ ӨНЕР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Телеарна ХанТВ