24.3 C
Shymkent
31 августа, 2026
aspan

ШЫМКЕНТТЕ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛДЫ

Өткен жылы Шымкент қаласында 160 мыңға жуық адам амбулаториялық жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұл медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілген.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің мәліметінше, диспансерлік есепте тұрған азаматтарға 100-ге жуық нозология бойынша босатылған. МӘМС жүйесі ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді.
Тегін дәрілік препараттарды алу үшін пациент алдымен учаскелік дәрігерге қаралуы қажет. Дәрігер науқастың жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан тегін дәрі алу үшін рецепт тағайындайды. Сонымен қатар, шұғыл, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде де барлық қажетті дәрі-дәрмектер тегін беріледі.
Былтыр медициналық сақтандыру аясында 8 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда

Телеарна ХанТВ

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

Редактор HAN TV

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар.