aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАЛМАСЫ ҰСТАП ҚАЛҒАН ЕР АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Петропавлда полицейлер талмасы ұстап қалған ер адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сенбі күні таңертең Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы мен Астана көшелерінің қиылысында төтенше жағдай болды. Жас жігіт кенеттен есінен танып, тротуарға құлап, дірілдей бастады.

Қуанышқа орай, жақын жерде полиция қызметкерлері болды, олар осы күні ведомстволық психологтардың жетекшілігімен командалық квест-тренингке дайындалып жатты. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының полицейлері бірінші болып көмекке барды, алайда ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының келіссөз жүргізуші-психологы Қайрат Базарбаев барынша жедел және тиімді әрекет ете білді. Шұғыл медициналық көмек көрсетуді жақсы меңгерген және адамдарды құтқаруда мол тәжірибесі бар офицер жағдайды бірнеше секунд ішінде бағалай алды. Арнайы медициналық құралдар болмағандықтан, ол өзінің жеке нөмірі жазылған металл жетонды пайдаланып, ер адамның тілін шығарып алды. Абырой болғанда, ол тұншығудың алдын алып, жас жігіттің тыныс алуы қалпына келді. Бұл уақытта полицейдің әріптестері жедел жәрдем бригадасын шақырды. Медицина қызметкерлері жылдам жетіп, жағдайды бақылауға алды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТА МЕН АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Телеарна ХанТВ

400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ