14.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
aspan

БІЛІМ, БӘСЕКЕ ҺӘМ БОЛАШАҚ-ЖАС БУЫННЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №138 жалпы білім беретін мектепте Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы іске асырылды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Білім, бәсеке hәм болашақ: жас буынның басты құндылықтары» тақырыбында оқушылар арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайысқа қаланың 80 мектебінен  қазақ тілі лигасына 40 фракция қатысты.

Турнирдің мақсаты: Жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық  танымды дамыту. Қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы толыққанды насихаттау. Пікірсайыс қозғалысының дамуына үлес қосу болып табылады. Оқушылар арасында «Үздіктердің үздігін» анықтайтын пікірсайыс алаңын құру.

Пікірсайысқа қатысушы Айханым Айнабек 9 сынып оқушысы. Ол 2 жылдан бері дебатқа қатысатындығын   және  барлық қыр-сырын меңгергенін жеткізді. Турнир жайында пікірсайысшыл достарынан естіп, қатысуды жөн көрген. Сөзінше әділеттілікке бағытталған уәделердің барлығы бұл турнирдің әділ өтеді деген үмітін жандырған. Сондай-ақ бұл интеллектулады пікірталас мектеп оқушылары арасында өткізілді. Олар «Болашақта қандай мамандық таңдау керек, кімнің дегенімен таңдау керек» сынды маңызды тақырыптарды талқылады.

Сондай-ақ білім ордасында қазақтың ұлттық спорт түрі асық атудан да жарыс өтті. Додаға өңірлік мектептердің оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар-мінез деген нәрселерімен озады. Осындай пікірталастар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Білімді, білікті және белсенді жастар – елдің ертеңгі тірегі. Бүгінгі пікірсайыс – соның айқын дәлелі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ БІРНЕШЕ МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ БЕТІН АШТЫ

Телеарна ХанТВ

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА АЛЫП ЗАУЫТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

СЕМЕЙДЕ ТОЗҒАН ҚҰБЫРЛАР АУЫСТЫРЫЛЫП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Телеарна ХанТВ