aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕЛ БОЙЫНША ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Қысқы жолдардың күзетінде: полицейлер бүкіл ел бойынша қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмектесуде.Суық ауа райына қарамастан, полиция қызметкерлері тәулік бойы трассалар мен жолдарды күзетіп, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Олар тәртіпті қадағалап қана қоймай, шақыртуларға жедел ден қойып, қар құрсауында қалған авкөліктерге көмек көрсетіп, адамдарды қауіпсіз жерлерге жеткізіп, қажет болған жағдайда арнайы тасымалдауды ұйымдастыруда. Тәртіп сақшылары көліктерді қар үйінділерінен шығарып, тамақ және ыстық сусындарды жеткізуде. Азаматтарға ауа райы жағдайын бақылауды, көліктегі жанармай қорын қадағалауды, қалың қар түсіп, көктайғақ болған кезде ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз, — деп атап өтті ішкі істер министрлігі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Телеарна ХанТВ

ӘЙЕЛ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЖЕҢІС ШЕРУІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Телеарна ХанТВ

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТТЫ

Телеарна ХанТВ