5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ЛАСТАУДЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕГІН ПОЛИЦИЯ АНЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы ретте Полиция департаментінің құрылымдарымен абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан 22 439 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін 5 690, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 жайт тіркелді. Ал ағымдағы жылдың шілде айында 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл жұмыстар күнделікті облыс әкімі мен Полиция департаменті бастығының назарында. Осыған байланысты тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттырыңыздар деп ескертеміз.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕР ФЕЛЬДШЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН КӨРСЕТТІ

Телеарна ХанТВ

Шымкентте елімізде баламасы жоқ ірі мешіт ашылады

Телеарна ХанТВ

Астанада білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу шаралары күшейтілді

Телеарна ХанТВ