aspan

ЛАҢКЕСТІК ТОП ШАБУЫЛ ЖАСАП, 100-ДЕН АСА АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

 

Сирияның Алеппо провинциясындағы ел армиясы бақылауындағы аймақтарға шабуыл жасалды. Қақтығыс салдарынан 130 адам қаза тапты. Сирия қарулы күштері шабуылды Сирияның солтүстік-батысының көп бөлігін бақылайтын «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымы жасағанын мәлімдеді.

«Біздің күштер жағдайдың бұрынғы қалпына келтіру үшін күрес жүргізуде», — делінген армия мәлімдемесінде. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының мәліметінше, қақтығыстар кезінде қақты, ысқа қатысқан екі тараптан 100-ден аса адам қаза тапқан. Сириялық SANA агенттігінің хабарлауынша, «Сирия қарулы күштері әртүрлі қару түрлерін қолданып, лаңкестік шабуылға тойтарыс берген. Айта кетсек, «Хайят Тахрир аш-Шам» тобы «Әл-Қаиданың» бұрынғы сириялық бөлімі және Сирияның солтүстік-батысының бір бөлігін бақылайды. Бұрынғы жылдары бұл топ «Джабхат ан-Нусра» деп аталды, бірақ кейін «Әл-Қаидадан» алшақтау үшін атын өзгертті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

72,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА БІРІККЕН ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕЙДІ

Телеарна ХанТВ