18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

БЕЛСЕНДІ ЖАС ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Маңғыстаулық  белсенді жас Президенттің алғыс хатына ие болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйлеп, игі бастамаға белсенді атсалысқан азаматтарды марапаттады.

Олардың қатарында Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Аслан Жангелдиев те бар. Ол Президенттің алғыс хатына ие болды. -«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге жастармен бірге қатысып, еріктілік қызметін атқардым. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы «Jasyl el» еңбек жасағының жұмысын үйлестіруге атсалыстым. Сондықтан бұл марапат – тек менің емес, менімен бірге еңбек етіп жүрген еріктілердің, әріптестерім мен жастардың ортақ жетістігі. Қазақстанның жарқын келешегі – жастардың қолында, – дейді белсенді жас Аслан Жангелдиев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ, КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

АУЫЛ МАҢЫНА БІР ТОННА СОЙЫЛҒАН МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТАСТАҒАН ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАҚЫТТЫ ӨМІР

Телеарна ХанТВ