aspan

НӨСЕРЛІ ЖАҢБЫРДАН ЖОЛАУШЫЛАР МІНГЕН ЕКІ ЯХТА АУДАРЫЛЫП ҚАЛДЫ

Оңтүстік-батыс Қытайдағы Гуэйчжоу провинциясының Цяньси қаласына қарасты Синьжэнь-Мяо ұлттық ауылдық округінің аумағындағы су қоймаға таяу бөлігінде жолаушылар отырған яхталар аударылып, 70-тей адам суға кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша 4 мамыр күні түстен кейін сағат 4 шамасында Уцзян өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Лючунхэ өзенінде нөсер жауып, су айдынында жүзіп жүрген екі яхта аударылып қалған. Белгілі болғандай, апаттан экипаж мүшелерін қосқанда шамамен 70 адам суға құлаған. Қытайлық агенттіктің жазуынша, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 50-ден астам адам судан шығарылған. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Президент

Телеарна ХанТВ

БІР АПТАДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ТАЛДАУ ДАЙЫНДАУЫ КЕРЕК – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Телеарна ХанТВ

КӨРМЕДЕ ҚАЗАҚСТАН ПАВИЛЬОНЫ МИЛЛИОНЫНШЫ ҚОНАҒЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

Телеарна ХанТВ