5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері мен кеңестерін тыңдады.

Кездесуді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жүргізіп отырды. Ашық диалог алаңында қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Түркістан облысының Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, ел тұтастығын сақтау, өңір әлеуетін арттыру жайында ой қозғады.

 Жүздесу барысында өңірдің өзекті мәселелерін, ұрпақ тәрбиесі жөнінде келелі пікірлер айтты. Ел ағаларының ұсыныстарын тыңдаған аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Жиын соңында Еңбек ардагері Сексенбай Тұрысбекұлы бата беріп, ел тізгінін қолға алған басшыға сәттілік тіледі. Келелі ойлар мен ұсыныстар айтылған жиын салтанатты шараға жалғасты.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРАН АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН 23 ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ