aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРІКМЕНСТАН ХАЛК МАСЛАХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ГУРБАНГУЛЫ БЕРДІМҰХАМЕДОВПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Президент бауырлас халықтың Ұлт көшбасшысын Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы қазіргідей жаһандық сын-қатерлер кезеңінде Ашхабадтың бейбітшілік пен бітімгерлікке үндеген бастамасының ерекше маңызын атап өтіп, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Гурбангулы Бердімұхамедов Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының аясында өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық пен дамуды қамтамасыз етуге бағытталған Түрікменстан тұжырымдамасының негізгі басымдықтары жөнінде мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қатынастарының деңгейі жоғары екеніне назар аударып, энергетика, көлік-транзит, мәдени-гуманитарлық салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын егжей-тегжейлі қарастырды. Әңгімелесу барысында өңірлік ықпалдастық мәселелеріне және алдағы уақытқа жоспарланған бесжақты форматтағы іс-шараларға айрықша мән берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҚЫРЫП: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» су тапшылығы сезілетін өңірлерді қолдау мақсатында су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Бұл туралы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. КСМ: Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты. Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланады. Түркістан облысы – Қазақстанның аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы облыстың еншісінде. Жыл сайын өңірде 1,2 трлн теңгеден астам өнім өндіріледі. Егіс алқаптарының көлемі ұлғайып, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу бағыттары жүйелі дамып келеді. 27,02 СНХ ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 00:12 – 00:30 ▪Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері Түркістан облысының фермерлерін қолдаудың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырды. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» тарапынан өңір экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция бағытталған. Осы кезең ішінде жалпы құны 74 млрд теңге болатын 6800-ден астам техника лизингке беріліп, шаруалар техникалық паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Компания 2026 жылы Түркістан облысына 19 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып үлгерген. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталады. СНХ ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 00:17 – 00:45 КСМ: Түркістан өңірінің басты басымдығы – суару жүйелерін дамыту. Қазіргі уақытта «Агролизинг» арқылы мобильді суару жүйелерін 12,6%-бен алуға болады. Сонымен қатар жуырда жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру; инфрақұрылым құруға займдар бөлу, заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 27,02 СНХ НИЯЗ КӨШКІМБАЕВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ КСМ: Шаруалар кездесу барысында ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Бүгінгі диалог алаңы өңірдің аграрлық саласына жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені, жиынға қатысушылардың ұсыныстары алдағы даму жоспарларына негіз болмақ.

Han TV

ПОЛИЦИЯ КАЛЬЯН ТҰТЫНҒАН 82 ТҰРҒЫНҒА ШАРА ҚОЛДАНДЫ

Телеарна ХанТВ