aspan

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Республикалық Әділ билер қоғамдық бірлестігі аз қамтылған отбасылардан шыққан 70-ке жуық балаға көмек көрсетті. Қайырымдылық шара «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өтті. Шымкент қаласының бас биі Толыбай Омашев бастаған билер аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына керекті жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкесін таратты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін акцияның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Қайырымдылық көмек мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтары түрінде көрсетіледі.

Ізгі істі қолға алған азаматтар жиналған қаражатты мұқтаждар кәдесіне жұмсаған. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөзді өмірлік ұстанымына айналдырған демеушілер мұндай игі шара алдағы уақытта өз жалғасын табатынын айтады.

Жалпы республикалық акция осымен тоқтамақ емес.  Қайырымдылық шара алдағы уақытта да жалғасады деп жоспарлануда. Игі істің  артқаны қуантарлық жағдай.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

TIKTOK ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ

Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы: Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Телеарна ХанТВ