aspan

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Шымкентте қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Жиында 3 мәселе көтерілді. Қазыналы қариялар көтерген проблеманы жергілікті билік өкілдері қалай қабылдады? Қандай шешім шығады?

Күн тәртібінде ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер мектебінің жұмысы сондай-ақ, мәжіліс жанынан академиялық кеңес құру мәселесі мен дәнекер пилоттық жобасының жұмысы туралы бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды. Мінберде бірінші болып сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары  Жанпейіс Қобыланов, отбасылық құндылық ұлттық тәрбие тірегі тақырыбында баяндама оқып, отбасындағы әкенің рөлінің маңыздылығы мен тәрбие құндылықтарына тоқталып өтті.

Сондай-ақ жиынға қатысқандар арасында ҚР құрметті судьясы, Бекет Тұрғараевта бар. Айтуынша жас ұрпақтың тәрбиесіне қоғам болып назар аудару маңызды. Себебі мемлекеттің келешегі жастардың қолында екенін атап өткен ол, бала тәрбиесімен мектеп мұғалімдерінің де айналысуының маңызды тұстарын да атап өтті.

 Айта кетейік жиын барысында шаһардағы білім басқармасына қатысты да бірқатар маңызды мәселелер ортаға салынды. Отбасы құндылығы мен бала тәрбиесі, мұғалім мен ата-ананың рөліне қатысты бірқатар сауалдар қойылып, қызу талқыға түсті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

300 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН  БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН  ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 

Телеарна ХанТВ

«САЙРАМНЫҢ САН ҚЫРЛЫ ТУРИЗМІ»

Телеарна ХанТВ