aspan

МӘСКЕУДЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Ресей астанасында табиғат тосын мінез танытты. Мәскеуде күн күрт бұзылып, қалың қар жауды. Өткен аптада ғана шаһарда күн жылып, сынап бағанасы 16 градусқа дейін көтерілген. Жер көгеріп, ағаштар бүршік жара бастаған. Ал жүргізушілер қысқы дөңгелектерін жазғыға ауыстырып үлгерген еді.

Енді жапалақтап жауған қардан жолда көлік апаты көбейіп, тұрғындар әбігерге түсіп жатыр. Бір жүк көлігі метроның кіреберісіне соғылып, жүргізуші мен жолаушы ауруханаға түсті. Метеорологтар күн райы апта соңына дейін  өзгермейтінін ескертеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӨМІРГЕ ДЕГЕН СҰРАНЫС ЖЫЛЫНА 19 МЛН ТОННАДАН АСАДЫ

Редактор HAN TV

КАФЕДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ: ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗАМАТТАРДЫ ӨРТЕНІП ЖАТҚАН ҒИМАРАТТАН ҚАЛАЙ ЭВАКУАЦИЯЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЕНЕУНІК МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ЖЫРТЫЛҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ