28 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

«Ұлттық тәрбие – құндылық негізі» кеңейтілген кеңесі.

Киелі шахарда «Ұлттық тәрбие – құндылық негізі» тақырыбында кеңейтілген кеңес өтілді. Кеңес барысында қаладағы білім беру мекемелерінде жастар мен жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оларды болдырмау шаралары талқыланды.

 Кеңесте қала прокуроры, қалалық полиция басқармасының өкілдері, қалалық емхананың бас дәрігері, білім ордаларының директорлары және ата-аналар комитетінің мүшелері сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Баяндамашылар жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, ерте жүктілік пен өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу мәселелеріне тоқталып, болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.

Келесі кеңес отырысында осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелері қаралып, жаңа ұсыныстар талқыланатын болады деп жоспарланды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІНЕН AVTOBYS ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Телеарна ХанТВ

САРСАҢҒА САЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Телеарна ХанТВ

Шымкентте орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

admin