18.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ҰЛТТЫҚ СПОРТ — ҰЛЫҚТАЛАТЫН КҮН

20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Әр ұлттың өз ұлттық ерекшелігін айқындайтын дүниелер бар. Тілі, ділі, діні, дәстүрі мен мәдениетінің қатарында халықтың сипатын айқындап, болмысын танытатын тағы бір құндылығы ол – ұлттық спорты.
Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Оған қоса қазақ ойындары өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі.
Қазақ халқының да салтында бар, санасына сіңген ұлттық ойындары аз емес. Негізінен басым көпшілігі аңға, төрт түлікке байланысты туындаған ойындар зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет етеді.
Ал білек пен білім, күш пен мінез, төзім мен сабыр сынға түсетін сан түрлі сайыстар арқылы тәрбие мен тағылымды бойына сіңірген адам ғана әрдайым алда болары анық.
#nauryznama2025

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

09.06.2001 жылы туылған Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі

Телеарна ХанТВ

КАННАБИС ӨСІМДІГІН ӨНДІРІСТІК МАҚСАТТА ӨСІРУ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ЕМЕС ПЕ?

Телеарна ХанТВ