33.3 C
Shymkent
30 мая, 2026
Экономика

КӨЛІК САЛЫҒЫН 1 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты  2024 жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей төлеу керегін ескертті. Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» акционерлік қоғамының  мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады. Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер» сондай-ақ «Каспий банк» акционерлік қоғамының  мобильді қосымшасында көруге болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан айырбастау пункттеріндегі 4 наурыздағы валюта бағамы

admin

Цифровая трансформация Шымкента: новые проекты и инвестиции от «Казахтелеком»

Редактор HAN TV

Қазақстанда қолма-қол ақша қайтадан танымал болды

admin