Қоғам

РАМАЗАН 12 АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Рамазан айының келуіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шымкент қаласы орталық мешітінде қасиетті айда жасау керек амалдар мен игі істер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Рамазан айының алғашқы күнінен бастап қандай амалдар жасау керек? Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Шариғат бойынша ораза тұту — таң сәріден күн батқанға дейін тамақ пен судан немесе басқа да ерікті дүниелерде  еркін түрде бас тарту. Ораза — мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Сондай ақ оразаның адам ағзасына тигізер пайдасы да мол. Атап айтсақ Жасушалар жаңарып, ескілері жойылады, «Қант» ауруына тосқауыл болады, Артық салмақтан арылуға әсер етеді, Тері ауруларына пайдалы және Қан қоюлануының алдын алады.

Айта кетейік  рамазан айы көктем айына сәйкес келуіне орай,  рамазанда бір тал ек акциясы мен әз наурыз мерекесін өткізу ұйымдастырылып отыр. Мешіттерде тарауих намаз оқу, қайырымдылық шараларын өткізу, рухани кештер мен іс-шаралар өткізу жоспарланды дейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Біз кетпейміз» Байденнің Путинге қарапайым хабары бар

admin

Тоқаев Путинмен сөйлесті

admin

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады

admin