aspan

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте көктемгі сенбілік жұмыстары басталды! Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл ауқымды шараға 150-ге жуық қызметкер мен 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Шара аясында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды.

 Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен сенбілік Әл-Фараби және Тұран аудандарының тоғысқан жерін  қамтыды.Шараның мақсаты халық арасында қоғамдық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалар мен ауылдық елді мекендерді жинау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Ол өз сөзінде бұл жұмысқа тұрғындар мен еріктілерді тартудың маңыздылығын атап өтті. Қалада тазалық жұмыстарына  бойынша өткен жылы 230 мыңнан аса қызметкерлер мен жастар белсенділік танытып, 18 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 150-ден аса техника жұмылдырылған. Алда бұл жұмысты үздіксіз жалғастыру жоспарланып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАД

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Телеарна ХанТВ

КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТІҢ ӨСУІ ОТАНДЫҚ БИЗНЕСКЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ  

Телеарна ХанТВ