aspan

ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек жұмыс сапарымен келіп, тауарлық газ бағасын қалыптастыру сұрағына байланысты өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесуде ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек тауарлық газ бағасының қалай қалыптасатыны жайында халықты құлақдар етті.

Ұлттық компания қолданыстағы қазіргі бағалармен газды сатып алу, тасымалдау және республика аумағында тарату шығындарын толығымен жаба алмай отыр. Газ бағасының тиімді болуын қалыптастыру — газ инфрақұрылымын дамыту мен модернизациялауға қаражат бөлуге мүмкіндік беріп, жеткізілімнің тұрақтылығын арттыруға және өңірлердің газдандыру процесін жеделдетуге жәрдемдеседі.

Сондай-ақ геологиялық барлау және көмірсутектерді қайта өңдеу сияқты салаларға инвестициялар тартуға мүмкіндік тудырады, бұл — саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді, — деген вице министр газ бағасының қалай қалыптасатыны жайында халықты құлақдар етті .Жергілікті тұрғындар вице-министрге сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ТАҚ МҰРАГЕРІМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Редактор HAN TV

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІ КНЕССЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АМИР ОХАНАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ